Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихаттың депутаты И. Габдуллин 2021 жылғы қаңтар айынан бастап азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізіп келеді

И.Габдуллин қабылдауды айына 2 рет әр сәрсенбі және жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15.00-ден – 17.00-ге дейін жүргізеді. Жыл басынан бері қабылдауда 38 азамат болды, бәріне уақытында жауап беріліп отырды.

И. Габдуллин қоғамдық қабылдауға келген азаматтарға заңдылық, психологиялық демеу, арыз-шағымдарды талқылау, материалдық көмек, АӘК тағайындау, мемлекеттік грант алу бойынша кеңес сұрау, төлқұжаттарын реттеу үшін көмек сұрау т.б. , көкейіндегі түйткіл мәселелерін шеше алмай жүрген азаматтарға кеңесімен жауап бере отырып, оларға тиісінше көмек көрсетіп, оң шешімін табуына ықпал етуге жұмыстанып келеді. Атап айтар болсақ, И. Габдуллин көпбалалы аналарға қолдау бағытында жиын өткізіп, құжаттарын уақытында рәсімдеп, мемлекеттік грант алу үшін онлайн форматта оқытып, сертификат алуға ықпал етуде. Мысалы: Кусалиева Гүлназ, Кусайнова Раушан, Исмакова Мөлдір, Орынғалитегі Асылан т.б.

Айтулы мейрам күндері тыл және еңбек ардагерлерін назарда тыс қалдырмай, үйлеріне барып, облыстық маслихат депутаты ретінде құттықтау тілегін жеткізіп, сыйлықтар табыстады. «Канвассинг» аясында Темір масин ауылының еңбек ардагерлері және шаруа қожалық жетекшілерімен кездесіп сайлауалды партиялық бағдарламаның ауданда,облысымызда орындалу барысы туралы айта отырып ұсыныс пікірлерін тыңдап, ой бөлісті.

2021 жылдың 25 шілдесінде ауылда өткен сайлауға белсенділік танытып, кандидаттардың сайлау алды бағдарламаларын мекемелерге барып талқылап, ұсыныс пікірлерін тыңдап, әр ауылдық округтегі тұрғындармен байланыс жасау үшін «Депутат күнін» өткізіп тұрғындармен кездесті. Ауылдардың жолы, жарық , сумен қамту, жергілікті кадр дайындау проблемаларын , аудан көлеміндегі мал ұрлығын болдырмау және алдын алу шаралары бойынша атқарған жұмыстар жөнінде заңды тұлғалардың есептерін тындап, қысқы маусымға дайындық жұмысы жем-шөп , амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қабылданып отырған шаралармен танысып, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың орындалуы барысы туралы тиісті сала басшыларының хабарламарын тындап, ұсыныс пікірлермен бөлісті.

И. Габдуллин ағымдағы жылдың наурызында облыстық мәслихатқа шаруа қожалықтарының көтеріп жүрген киік мәселесі жөнінде депутаттық сауал жолдап, облыстық маслихаттың экология ауыл шаруашылығы мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның онлайн режімінде өткізілген үш отырысында осы мәселе бойынша өз ұсынысын білдірді.

Айта кетер болсақ, бұл мәселе бойынша ағымдағы жылдың 17 мамырында ауданымызға ҚР экология , геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев және облыс әкімі Ғ.Есқалиев арнайы іс-сапармен келіп, жағдайды өз көздерімен көріп , танысып кеткен болатын және іс-сапар қорытындысы бойынша «Бөкей ордасы резерватын ашу» жөнінде онды шешім қабылдап құзырлы органдар тиісті шаралар атқарылды.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок