Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихаттың депутаты Алтынбек Ермекқалиев облыстық байқауда жеңімпаз атанды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мейрамына орай ұйымдастырылған облыстық байқауда облыстық мәслихаттың  депутаты, «Жаңарған өңір»  қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Алтынбек Серікқалиұлы Ермекқалиев жеңімпаз атанды.

«Ауыл — ел бесігі»  аталымы бойынша жеңімпаздар қатарынан көрінген әріптесімізді облыс әкім Ғали Есқалиев марапаттап,  100 мың теңгелік сертификаттты табыс етті.

Елдің мұңын айтып,  халықтың айтарын жеткізіп жүрген әріптесімізді  жеңісімен және кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!  Алар асулары мен бағындырар белестері мол екендігіне сенімдіміз!

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты