Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихаттың депутаттары «Депутат сағатын» өткізді.

Ағымдағы жылдың  16 сәуір күні Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кіші залында, ZUM форматында  облыстық   мәслихаттың депутаттары   «Депутат сағатын»  өткізді.  Отырысты  облыстық  мәслихаттың хатшысы Б.Т. Қонысбаева жүргізді.

Күн тәртібінде – азық-түлік  өнімдерінің қауіпсіздігін сақтау, оның ішінде – күнбағыс майы бағасының күрт қымбаттау мәселесі қозғалды.    Отырысқа ауылшаруашылығы  саласының жауапты қызметкерлері қатысып,  қазіргі таңдағы  елді алаңдатып отырған – азық-түлік  бағасының, оның ішінде  күнбағыс майының бағасының шарықтап кету себептерін алдымен, шикізат өнімінің қымбаттауымен  түсіндірді.

Облыстық мәслихат депутаттары  бағаны өсірмеу үшін  қандай да бір шешім қабылдау керектігін  айтып,  бұндай өзекті мәселені шешудің жолы, алдымен өз қамбамызды толтырып  алмай  сыртқы нарыққа  өнімді шығармай тұра тұру керек деген өз  ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар, депутаттар құзырлы органдарға азық-түліктің бағасына мониторинг жүргізуді тапсырды.

Отырыс соңында, облыстық мәслихат депутаттары азық-түліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында, депутаттар берген  барлық ұсыныстарды жинақтап,  ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігіне  хат жолдау керек деген   қорытындыға  келді.

рисунок