Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихаттың депутаттары «Депутат сағатын» өткізді

Ағымдағы жылдың  19 сәуір күні Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кіші залында, ZООM форматында облыстық мәслихаттың депутаттары «Депутат сағатын»  өткізді.  Отырысты  облыстық  мәслихаттың хатшысы Б.Т. Қонысбаева жүргізді.

Күн   тәртібінде – бүгінгі таңда оңтүстік аудандарға өзекті мәселеге айналған су тапшылығы  жайында сөз қозғалды. Облыстық мәслихат  депутаттары отырысқа  қатысқан «Казсушар» АҚ басшылығына қазіргі таңда су тапшылығын болдырмау үшін  қандай шаралардың қолға алынып жатқандығы туралы сұрақтарын  қойды.  Мамандардың  айтуынша, өткен жылдармен салыстырғанда, биылғы жылы  судың  деңгейі айтарлықтай    көтерілген,  көршілес Ресей елдерінен су алу үшін тиісті қаражаттың  да қарастырылып отырғандығын, жалпы судың көтерілу деңгейі  70-80 пайызға жетеді деген болжамдарын  жеткізді. Сондай- ақ, облыстағы  24 нысанға да  су беру кестесі де жасақталғандығы, оған облыс бюджетінен қаражаттың да   қарастырылғандығы туралы  айтылды. Отырысқа қатысқан 5 ауданның  өкілдері де суға байланысты  көкейдегі сұрақтарымен бөлісті.

Отырыс соңында,  депутаттар ауылдағы тұрғындарға, суды күтіп отырған шаруа қожалықтарына уақытында су жеткізіп, бар суды тиімді әрі  үнемдеп дұрыс пайдалану керек деген тұжырымға келді.

рисунок