Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаеваның төрағалық етуімен үйлестіру кеңесінің отырысы болып өтті

Бүгін облыстық мәслихаттың кіші залында облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қонысбаеваның төрағалық етуімен  офлайн және ZOOM  форматында үйлестіру кеңесінің отырысы  болып өтті.

Кеңеске  облыстық  мәслихаттың  депутаттары,  облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.

Кеңес отырысында депутаттар  2021 жылдағы облыстық мәслихаттың кезекті 8 –ші сессиясында қаралатын мәселелермен танысты.

Б. Қонысбаева  кезекті сессияның күн тәртібіне алдағы үшжылдың  бюджеттен басқа,  ауылшаруашылығы саласына қатысты  мемлекеттік бағдарламаның орындалуы туралы есебі тыңдалатынын, кейбір қағидаларға және  облыс аумағын дамыту бағдарламасына   өзгерістер енгізумен қатар,  ұйымдастыру мәселелерінің енгізілетінін  жеткізді.

Кеңес барысында депутаттар  күн тәртібіндегі  мәселелерге қатысты өз ұсыныстарымен  бөлісіп, пікір алысты.

Кеңесті қорытындылаған Б.Қонысбаева  алдағы аптада күн тәртібіне енгізілетін мәселелердің  салалық  комиссиялар мен бірлескен комиссиялардың отырысында   талқыланатындығын жеткізді.

рисунок