Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева жұмыс сапарымен Тасқала ауданына болды

Кеше 29 сәуір күні   Батыс Қазақстан облысы мәслихатының хатшысы Б. Қонысбаева  жұмыс сапарымен Тасқала ауданына келіп,  ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып,   депутаттармен кездесті.

Сапар барысында  Б.Қонысбаева аудан әкімі А.Халеловпен және депутаттар корпусымен бірге   «Жастар» стадионында алма ағаштарын екті. Одан соң, кездесу дөңгелек үстелмен жалғасты. Отырыс барысында аудан көлеміндегі ең маңызды деген су, электр жарығы, жол, күрделі жөндеу, интернет және басқа да мәселелер талқыланып, оларды шешудің жолдары туралы пікір алмасты.  

Сонымен қатар, облыстық  мәслихаттың хатшысы Б.Қонысбаева қоғамдық қабылдау өткізіп,  тұрғындар көтерген мәселелер бойынша кеңестер берді.   

Іс сапары барысында  Б. Қонысбаева Тасқала ауданы, Бірлік ауылында орналасқан су құюға арналған «Феррум контракт» жұмыс шеберханасында және ЖК «Шевченконың» әлеуметтік маңызы бар өнімдерін отырғызу бойынша плантациясында болып, жұмыс барысымен танысты.