Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихат хатшысы Б. Қонысбаева жұмыс сапарымен Сырым ауданына барды

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Б. Қонысбаева жұмыс сапарымен Сырым ауданына  барып,  Алғабас ауылдық округіндегі бір қатар нысандарда болып, 15 тұрғын үй алаңына инженерлік коммуникациялар желісін тарту құрылысының, ауылдық мәдениет үйінінің жай күйімен және жаңадан бой көтергелі отырған шағын маркеттің құрылыс барысымен,  «Nur Otan» партиясының 2021 жылғы сайлауалды

бағдарламасының тізіміне енген 10 тұрғын үй құрылысы мен елді-мекендерді сумен қамту  жұмыстарымен  танысты.

Одан бөлек, Кеңащы елді-мекеніне қарасты «Данил» нүктесіндегі су құбырларының, Бұлан ауылдық округіндегі балаларға арналған жазғы демалыс лагерінің  қазіргі таңдағы тыныс тіршілігімен  танысты.

Сонымен қатар, Жымпиты ауылындағы  «Балалар-жасөспірімдер» шығармашылық орталығында, «Қайсар» спорт клубында

үйірме шәкірттерінің жұмыстары мен жетістіктеріне   тәнті болды.

Іс сапар барысында Б.Қонысбаева азаматтарға  жеке қабылдау жүргізді.   Қабылдауға келген тұрғындар    Қосаба аулына су, жол және Сырым колледжесіне жаңа жатақхана салу қажеттігі мен  коледждің материалдық базасын жаңарту туралы  мәселелер көтерді.

рисунок