Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева жұмыс сапарымен Шыңғырлау ауданында болды.

Ағымдағы жылдың 29 мамыры күні Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Б.Қонысбаева жұмыс сапарымен Шыңғырлау ауданында болды.

Сапар барысында  Б. Қонысбаева    Шыңғырлау ауылындағы 170 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және  Тасмола ауылында ауылдық мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарымен,     сондай-ақ   А. Тихоненко атындағы  күрделі жөндеуден  өткен  жалпы  орта білім беретін     мектепте болып   мектептің тыныс тіршілігімен  танысты.

Жалпы  іс сапар  кезінде   аудан тұрғындары   жол құрылысы туралы,   соның ішінде  Сегізсай – Шыңғырлау  жолын  күрделі жөндеуден өткізу  және әлеуметтік нысандардағы  кәріз жүйесі  мәселесін көтеріп,  өтініштерін   жеткізді.

рисунок

рисунок