Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева жас депутаттар корпусымен кездесті.

Кеше облыс орталығындағы оқушылар сарайында облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қонысбаева облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардағы жас депутаттар корпусымен кездесті.  

Кездесу барысында Б.Қонысбаева мемлекеттік жастар саясатының   мақсаты – жастардың рухани- мәдени  білім алып, шешімдер қабылдау процесіне қатысуына, кәсіби  дами отырып қоғамда өз мүмкіндіктерін пайдалалануына жағдай жасау болса,  оның бір дәлелі – Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының жетінші шақырылымындағы  депутаттардың жалпы санының 23 пайызы жас депутаттардан құралғандығын тілге тиек етті.

Өзара пікір алмаса отырып, жас депутаттар корпусының  тұрғын халықпен тығыз қарым-қатынаста болып, олармен қоян-қолтық жұмыс жасауының   маңызды екендігіне тереңірек тоқталды.      

 Сондай-ақ,   Б.Қонысбаева жас депутаттармен сұхбат кезінде, оларды толғандырып жүрген кейбір заңнамалық  тұрғыдағы бюджеттік, салық Кодекстеріне және  жергілікті  өзін-өзі басқару туралы  заңдарға қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.