Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева Қаратөбе ауданында іссапарда болып, аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті.

2021 жылдың 3 маусым күні Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Б.Қонысбаева Қаратөбе ауданында іссапарда болып, аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті. Кездесуге аудан әкімі Ж.Асантаев, Қаратөбе аудандық мәслихат хатшысы Қ.Сүйеуғалиев, тиісті мекеме басшылары және қоғамдық ұйым төрағалары қатысты.

Б.Қонысбаева облыс көлеміндегі өзекті мәселелерді қозғап, депутаттарды бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. Депутаттарда өз тарапынан жол, жиынтық трансформаторлық қосалқы станцияны ауыстыру және аудандық коммуналдық кәсіпорын мекемесі жөнінде мәселелер көтерді.

Сапар барысында облыстық мәслихат хатшысы аудан орталығындағы жалпы ұзындығы 9,2 шақырым ауылішілік жол құрылыстарының жұмысымен, сондай-ақ Қаратөбе ауылындағы «Қаратөбе» спорт клубына жүргізіліп жатырған күрделі жөндеу жұмыстарының жүру барысымен танысты.

Соңынан жеке қабылдау жүргізіп,   тұрғындар көтерген   кәсіпкерлікті дамыту, аутсорсинг жүйесі, жол жөндеу туралы   мәселелері бойынша  әрі қарай жұмыстанатынын жеткізді.

рисунок

рисунок

рисунок