Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева іссапармен Ақжайық ауданында болды

Ағымдағы  жылдың 2 маусым күні  Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Б.Қонысбаева Ақжайық ауданында іссапарда болып, аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті.

Кездесуде  Б.Қонысбаева облыс көлеміндегі өзекті мәселелерді қозғап, депутаттарды  бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. Депутаттарда өз тарапынан ауыз су, ауылдардағы жұмыссыздық, тұрғын үй мәселелерін көтерді.

Сонымен қатар, Б.Қонысбаева аудандағы  бірқатар салынып жатқан нысандарды аралап,   Чапаев ауылындағы «Жұбан» орталығының тыныс-тіршілігімен,  бой көтеріп жатырған дене шынықтыру-сауықтыру орталығы құрылысымен, Атамекен ауылындағы апатты жағдайдағы М.Өтемісұлы атындағы ОЖББ мектебі, Тайпақ ауылындағы колледж және күрделі жөндеу қажет ететін Ы.Алтынсарин атындағы ОЖББ мектебінің жұмыстарымен танысты.

Іс сапар барысында  Б.Қонысбаева азаматтарға қабылдау жүргізді.

Қабылдауға келген Чапаев ауылының тұрғындары  В.Бурбаева жол салу мен  З.Абишева көшені жарықтандыру мәселелері бойынша өтініш тілектерін жеткізді.  Аталған мәселелер бойынша қолданыстағы заң аясында, тиісті органдар өкілдерімен хабарласып, әрі қарай жұмыстануға кеңес берілді.

рисунок

рисунок