Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихат депутаты С.Жарылғапов Жаңақала ауданында іс сапармен болып, өңірдегі шаруа қожалықтарымен кездесті

Өткен аптаның соңында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты С.Жарылғапов Жаңақала  ауданында іс сапармен болып, өңірдегі шаруа қожалықтарымен кездесті.

Кездесу барысында  шаруа қожалықтарының өкілдері су,субсидия, мал азығын  дайындау,жайылым, киік, жер алу  мәселелерін көтеріп, облыстық мәслихат депутаты С.Жарылғаповқа  көкейдегі сұрақтарын қойып, ойларымен  бөлісті.

Сондай-ақ, шаруалар соңғы кезде малдар арасында көз ауруының өршіп бара жатқандығын айта келе, шикізатты (жүн өнімін) өткізе алмай отырғандығын да тілге тиек етті.

Кездесу соңында С. Жарылғапов  шаруа   қожалықтарының өтініштері мен ұсыныстарын жинақтап,  тиісті органдарға депутаттық сауал жолдап жұмыстанатындығын жеткізді.

рисунок