Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихат депутаты Е.Хасанов Екібастұз қаласында жаңартылған “Әлем” балаларды оңалту орталығының ашылу рәсіміне қатысты

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Е.Хасанов арнайы шақырумен тәжірибе алмасу мақсатында, 2021 жылдың  1 маусымы күні  Павлодар облысы, Екібастұз қаласында жаңартылған “Әлем” балаларды оңалту орталығының  ашылу рәсіміне қатысты. Сондай-ақ, салтанатты рәсімге  ҚР Парламенті  Мәжілісінің  депутаты, ҚР Тұңғыш Президенті қорының директоры Д.Назарбаева, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығы президенті  Р.Б. Сәрсембаева, Екібастұз қаласы әкімі  А.А. Каңтарбаев және республиканың   аймақтарынан келген іскер әйелдер қауымдастығы өкілдері қатысты.

Рәсім  барысында, орталықтың  құрылтайшысы Ш. Сүйнишева  жұмыс барысымен таныстырып, аталмыш орталықтың    20 жыл үстінде жұмыс істейтінін,  бұрын 18 жасқа дейін жасөспірімдер қабылданса, 27 жасқа қабылдайтынын, қазіргі таңда 2,5 жастан 27 жасқа дейінгі  70 бала емделуде екендігіне тоқталып өтті. Бұл жерде қазіргі заман талабына сай,  арнайы тренажерлармен, бассейн,   кабинеттермен жабдықталғандығын,  емделушілер үшін  барлық жағдай жасалған

Тәжірибе алмасудан ой түйген облыстық мәслихат депутаты Е. Хасанов  осындай оңалту орталықтары біздің облыста да ашылса деген   өз ойымен бөлісті.

рисунок

рисунок

рисунок