Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыс әкімі Ғ.Есқалиевтің төрағалық етуімен жұмыс тобымен жиын болып өтті.

Ағымдағы жылдың  6 қырыкүйек күні облыс әкімі Ғ.Есқалиевтің төрағалық етуімен  облыстық мәслихаттың депутаттары М. Жәкібаев, Т.Тлемисов, С.Жарылғапов бастаған  жұмыс тобымен  жиын болып өтті.

Бас қосудағы  басты мақсат –   қазіргі таңда  Жаңақала, Казталов  аудандардағы белең алып отырған  су тапшылығы мәселесін шешу жолдарын қарастыру.

Жиынға сондай-ақ  су шаруашылығы саласындағы  уәкілетті мемлекеттік құрылым басшылары, аудан әкімдері,  шаруа қожалықтарының өкілдері қатысты. Жиын барысында, депутаттардан  құрылған жұмыс  тобы Жаңақала мен Казталов аудандарында болып, жағдайды өз көздерімен көріп қайтқандығын, әсіресе  Жаңақала ауданындағы   судың  жетіспеушілігін, жергілікті  тұрғындар үшін  жағдайдың күннен күнге қиындап бара жатқанын айта келе, бұл мәселені тез арада шешу жолдарын қарастыру керек деген өз тұжырымдары мен ұсыныстарын  айтты. Сондай-ақ депутаттар  соңғы үш жылдан бері  мал азығы құнының қымбаттауы салдарынан оны тасымалдау да қиынға түсіп отырғандығы туралы айтып өтті.

Осы  орайда, жиынға қатысқан шаруа қожалықтарының иелері де  күн көрістерін малмен тауып отырған шаруалар үшін  жағдайларының мүлдем қиын екендігін айтып, егер жағдай осылай қала беретін болса, қолдағы бар малдарынан айрылып қалу  қаупі бар екендігін айтып қынжылды.

Жиынды қорытындылаған  облыс әкімі «Казсушар»  мекемесінің директоры Н.Жұмағалиевке шекаралас  өзендер бойынша  қанша куб метр су ағып келгенін және аудандарға қанша мөлшерде су жіберілгенін анықтайтын   есептегіш құралдарды  тез арада орнатуға,   сондай-ақ  жұмысшы тобына  екі   апта сайын  барып  судың жіберілуін қадағалап тұратындығы туралы тапсырма  берді. Сонымен қатар,  сатып алынған техникаларды су арналарын тазартуға жұмсау керек  деген ұсынысын  жеткізді.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок