Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облысының 2020 жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы жөнінде жылдық есебін бекіту туралы

Орал қаласы                                        №4-1                                    18 маусым 2021 жыл

 

Батыс Қазақстан облысының 2020 жылға

арналған облыстық бюджетінің атқарылуы

жөнінде жылдық есебін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ұсынған Батыс Қазақстан облысының 2020 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебі және «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің 2020  жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы туралы есебін тындап және талқылап, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облысының 2020 жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебі 1-қосымшасына сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 202 118 168,3 мың теңге, оның ішінде:

салық түсімдері  – 43 874 475,2 мың теңге;

салықтан тыс түсімдер – 1 519 122,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 21 349,2 мың теңге;

трансферттердін түсімдері – 156 703 221,9 мың теңге;

2) шығындар – 203 716 443,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру – 29 090 299,1 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 35 925 803,2 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 6 835 504,1 мың теңге;

4) қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо – 497 972,6 мың  теңге;

5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – (- 31 186 546,8) мың теңге;

6) бюджеттің тапшылығын  қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 31 186 546,8 мың теңге:

қарыздардың түсімі – 46 430 061,2  мың теңге;

қарыздарды өтеу –  6 897 632,5 мың теңге;

бюджет қаражаттары қалдықтары – 13 504 603,2 мың теңге.

2. «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижесі туралы есебі қатерге алынсын.

 

2020 жылға арналған облыстық бюджет (xlsx, 71 Kb)

 

Сессия төрағасы                                    А.Салиева

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                 Б.Қонысбаева