Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы А.К.Өтеғұловтың есебі туралы

Орал қаласы                                 № 6-1                        30 қыркүйек 2021 жыл

 

Батыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы А.К.Өтеғұловтың есебі туралы

 

Батыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы А.К.Өтеғұловтың есебін тыңдап және талқылап, облыс әкімінің өлкенің экономикалық және әлеуметтік саласының қарқынды дамуы, облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту үшін тиімді шаралар қолданып жатқанын облыстық мәслихат атап өтеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Батыс Қазақстан облысының әкімінің міндетін атқарушы А.К.Өтеғұловтың есебі қаперге алынсын.
  2. Орал қаласы және аудандардың әкімдеріне, облыстық басқармалардың басшыларына және басқа да мемлекеттік органдарға, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету, облыстың экономикасы мен әлеуметтік саласының одан әрі дамуы, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың тиімді орындалуы жөнінде қажетті шаралар қабылдау ұсынылсын.
  3. Облыстың барлық мемлекеттік органдарына жергілікті деңгейлердегі қоғамдық кеңестермен, үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтық қоғаммен бірлесіп шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде өзара іс-қимыл жасауды жетілдіру, жергілікті бюджеттерді бекіту барысында халықтық және қоғамдық бақылауды күшейту, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету ұсынылсын.

 

 

Облыстық мәслихат хатшысының

міндетін атқарушы                                                                               М.Мұқаев