Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихаттың №8-1 шешімі

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде  23.12. 2021ж. № 25972 болып енгізілді

 

Орал қаласы                           №8-1                          15 желтоқсан 2021 жыл

  

2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2022-2024 жылдарғаарналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 298 581 039 мың теңге:

салықтық түсімдер – 78 883 128 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 1 421 677 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 000 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 218 274 234 мың теңге;

2) шығындар – 298 591 734 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – -9 192 895 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 8 163 319 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 17 356 214 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 9 182 200 мың теңге:

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
-9 182 200 мың теңге:

қарыздар түсімі – 7 693 546 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 16 875 746 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2022 жылға арналған облыстық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес және осы шешімнің 4, 5, 6, 7-тармақтарына сәйкес қалыптастырылады.
  2. Қазақстан Республикасының «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 6, 9, 11, 12, 13, 14, 15, 26-баптары қаперге және басшылыққа алынсын:

1) 2022 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің түсімі мен кредиттер 85 677 459 мың теңге жалпы сомасында ескерілсін:

ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге – 698 475 мың теңге;

объектілерді күзету функцияларын бәсекелес ортаға беруге – 14 803 мың теңге;

арнаулы мекемелердің, айдауыл қызметінің, кезекші бөлімдердің және жедел басқару орталықтарының, кинологиялық бөлімшелердің қызметкерлеріне және учаскелік полиция инспекторларының көмекшілеріне тұрғын үй төлемдеріне – 43 481 мың теңге;

ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілері қатарындағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге – 18 645 мың теңге;

инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге – 3 800 мың теңге;

инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге – 3 604 163 мың теңге;

агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялауға – 107 100 мың теңге;

ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықтарды сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға – 1 975 683 мың теңге;

саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға – 7 555 мың теңге;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 2 363 957 мың теңге;

үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 113 297 мың теңге;

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 832 893 мың теңге;

кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге – 36 015 мың теңге;

нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытуға – 1 800 876 мың теңге;

мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелер, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдары, халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге – 2 726 341 мың теңге;

азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге – 7 012 974 мың теңге;

мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 3 433 881 мың теңге;

мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге – 21 557 мың теңге;

мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге – 566 687 мың теңге;

үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды қамтамасыз етуге – 258 930 мың теңге;

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 274 010 мың теңге;

мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға – 3 262 855 мың теңге;

ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 23 886 288 мың теңге;

ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге – 7 766 604 мың теңге;

мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге – 258 687 мың теңге;

мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының әдістемелік орталықтарының (кабинеттерінің) әдіскерлеріне магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төлеуге –
2 043 мың теңге;

ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 64 169 мың теңге;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың мемлекеттік стипендиясының мөлшерін ұлғайтуға – 371 710 мың теңге;

мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге – 15 161 мың теңге;

мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 1 291 830 мың теңге;

мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге –
184 862 мың теңге;

мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 32 378 мың теңге;

көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға – 93 974 мың теңге;

медициналық ұйымның жыныстық құмарлықты төмендететін, сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын іс-шараларды өткізуіне – 835 мың теңге;

қаржы лизингі шарттарымен сатып алынған санитариялық көлік бойынша лизинг төлемдерін өтеуге – 553 002 мың теңге;

вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға – 1 103 535 мың теңге;

саламатты өмір салтын насихаттауға – 19 157 мың теңге;

ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға – 93 596 мың теңге;

жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге – 116 645 мың теңге;

тергеу изоляторларында және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуге – 19 455 мың теңге;

мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге – 1 111 673 мың теңге;

дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік ұйымдардың медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 55 891 мың теңге;

дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік орта және қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 900 15 мың теңге;

кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауға – 35 403 мың теңге;

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жөніндегі іс-шараларды іске асыруға – 1 578 781 мың теңге;

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге – 39 000 мың теңге;

көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға –
9 353 820 мың теңге;

аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын қамтамасыз етуге және өткізуге – 215 649 мың теңге;

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға кредит беруге –
1 745 910 мың теңге;

кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге кредит беруге – 279 684 мың теңге;

халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи дүлей зілзалалардан инженерлік қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге – 1 153 715 мың теңге;

жылу-энергетика жүйесін дамытуға – 1 911 669 мың теңге;

2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 1 000 000 мың теңге;

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға – 454 060 мың теңге;

индустриялық инфрақұрылымды дамытуға – 789 780 мың теңге;

2) 2022 жылға арналған облыстық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттердің түсімі – 17 698 091 мың теңге жалпы сомасында ескерілсін:

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жөніндегі іс-шараларды іске асыруға – 3 329 904 мың теңге;

коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) реконструкциялауға, соның ішінде: аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үй салу – 122 267 мың теңге;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға – 4 528 813 мың теңге;

сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 795 499 мың теңге;

ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 4 021 392 мың теңге;

газ тасымалдау жүйесін дамытуға – 418 953 мың теңге;

көліктік инфрақұрылымды дамытуға – 3 400 000 мың теңге;

шағын және моноқалалардағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға – 737 145 мың теңге;

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға – 344 118 мың теңге;

  1. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін 2022 жылға кірістерді бөлу нормативі төмендегі ерекшеліктер кірістері бойынша белгіленсін:

1) ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Бәйтерек – 55%, Бөрлі – 62%, Орал қаласы – 14%, Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;

2) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Бәйтерек – 55%, Бөрлі – 6%, Орал қаласы – 17,5%, Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;

3) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Бәйтерек, Бөрлі, Орал қаласы, Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;

4) төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Бәйтерек – 55%, Бөрлі – 6%, Орал қаласы – 17,5%, Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;

5) әлеуметтік салық аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Бәйтерек – 65%, Бөрлі – 4,1%, Орал қаласы – 17,5%, Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;

6) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Орал қаласы, Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 0%.

  1. 2022 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерінен 40 989 800 мың теңге жалпы сомасында трансферттердің түсімдері ескерілсін.

Аталған сомаларды аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерінен бөлу Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

  1. 2022 жылға арналған облыстық бюджетте облыстың жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздары шығарылымынан түсетін түсімдер 5 667 952 мың теңге сомасында ескерілсін.
  2. 2022 жылға арналған облыстық бюджетте бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының түсімдері 17 356 214 мың теңге сомасында ескерілсін.
  3. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер мен тауарларды өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
  4. 2022 жылға облыстық бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге берілетін субвенциялар мөлшерінің жалпы сомасы 48 410 681 мың теңге болып белгіленсін, оның ішінде:

Ақжайық ауданы – 6 542 578 мың теңге;

Бөкей ордасы ауданы – 3 176 632 мың теңге;

Жаңақала ауданы – 3 548 149 мың теңге;

Жәнібек ауданы – 3 368 004 мың теңге;

Бәйтерек ауданы – 5 623 545 мың теңге;

Казталов ауданы – 5 814 672 мың теңге;

Қаратөбе ауданы – 3 651 511 мың теңге;

Сырым ауданы – 3 841 496 мың теңге;

Тасқала ауданы – 3 388 841 мың теңге;

Теректі ауданы – 6 101 758 мың теңге;

Шыңғырлау ауданы – 3 353 495 мың теңге.

  1. 2022 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге облыстық бюджет қаражат есебінен бөлінетін нысаналы даму трансферттері және ағымдағы нысаналы трансферттер 7 952 605 мың теңге жалпы сомасында қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:

6 423 849 мың теңге – ағымдағы нысаналы трансферттер;

1 528 756 мың теңге – нысаналы даму трансферттері.

Аталған сомаларды аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге бөлу Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

  1. 2022 жылға арналған облыстық бюджетте қарыздарды өтеу
    16 875 746 мың теңге сомасында қарастырылсын.
  2. 2022 жылға арналған облыстық бюджетке төмен тұрған бюджеттерден бюджеттік алымдар қарастырылмайды деп белгіленсін.
  3. 2022 жылға арналған облыстың жергілікті атқарушы органдарының резерві 1 572 000 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.
  4. Облыстың жергілікті атқарушы органының борыш лимиті 2022 жылдың 31 желтоқсанына 91 298 812 мың теңге сомасында белгіленсін.
  5. 2022 жылға арналған жергілікті бюджеттердің атқару үдерісінде секвестрлендіруге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
    4, 5-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
  6. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қосымша 1 (docx, 101 Kb)

 

Мәслихат хатшысы                      Б. Конысбаева