Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 қарашадағы № 30-1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Облыстық мәслихаттың шешімі

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде  11.10.2021ж. №24700 болып енгізілді

 

Орал қаласы                               №6-2                       30 қыркүйек 2021 жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

2019 жылғы 18 қарашадағы № 30-1 «Батыс Қазақстан облысы

бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды

алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы»

шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 18 қарашадағы № 30-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5866 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 Облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы                                М. Мукаев

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы

30 қыркүйектегі №6-2

шешіміне қосымша

 

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының 2019 жылғы

18 қарашадағы №30-1 шешіміне қосымша

 

Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі

 

  1. Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы №417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.
  2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін әлеуметтік көмек немесе әлеуметтік қолдау түріндегі тұрғын үй сертификаттары Батыс Қазақстан облысы бойынша 1,5 (бір миллион бес жүз мың) миллион теңге мөлшерінде айқындалды.
  3. Тұрғын үй сертификаттарының алушылар санаттары:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;

2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

3) толық емес отбасылар;

4) денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, агроөнеркәсіптік кешен және құқық қорғау салаларында еңбек қызметін жүзеге асыратын қажетті мамандар.