Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі №13-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Орал қаласы                                 № 6-4                        30 қыркүйек 2021 жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі №13-2 «Батыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

ШЕШТІ:

1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі №13-2 «Батыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4912 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Батыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларында:

3-тармақтың  3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.»;

5, 6 және 7-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

«5. Өңірдегі көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:

өңірдің тиісті аумағын қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызуға (жатқызбауға);

шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);

қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.

  1. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе, жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы да жүзеге асырылады.».
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыстық мәслихат хатшысының

міндетін атқарушы                                                                               М.Мұқаев