Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

«Nur Otan» облыстық филиалының кезекті XXVII есеп-беру сайлау конференциясы өтті.

Кеше 13 мамыр күні  «Nur Otan» облыстық филиалының кезекті XXVII  есеп-беру сайлау  конференциясы болып өтті.  Күн тәртібінде  партияның облыстық филиалының және бақылау-тексеру комиссиясының 2019-2020 жылдары атқарған  жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы мәселелер қаралды.

Конференцияны ашқан облыстық филиал төрағасы, облыс әкімі Ғ.Есқалиев облыстағы бастауыш  партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары мен конферецияларының жоғары деңгейде өткізілгендігін, БПҰ төрағаларының құрамы  өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға жаңартылғандығын  айтып өтті.

2019-2020 жылдар аралығындағы партияның аймақтық филиалының Саяси кеңесінің  атқарған жұмыстары  туралы  филиал төрағасының бірінші орынбасары М.Мұқаев, осы жылдардағы атқарылған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған партия қызметі туралы баяндап өтті. Екі жыл ішінде көптеген жұмыстар атқарылғандығы оның  ішіндегі партия ұйымдарында праймериз өткізу кезеңі, электоралды кезең мен сайлау науқаны кезеңінің өте жоғары деңгейде өткізілгендігіне тоқталды.

Сондай-ақ, М.Мұқаев  есепті қорытындылай келе,  «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы»,  «Кедергісіз келешек», «Халыққа көмек» атты  партиялық жобалардың да тиімді жұмыстар атқарып жатқандығын айтып өтті.

рисунок

рисунок