Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

«Nur Otan» фракциясының отырысы өткізілді

Ағымдағы жылдың 15 ақпанында «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының төрағасы – облыс әкімі Ғ.Н.Есқалиевтің басшылығымен «Nur Otan» фракциясының отырысы өткізілді. Фракция жиналысы онлайн форматта ұйымдастырылып, оған ZOOM платформасы арқылы барлық мүдделі жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен партияның БҚО бойынша аумақтық филиалдарының орынбасарлары қатысты.

Бюрода фракция депутаттары отырысқа қатысушылармен бірге партияның облыс бойынша 14 сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы талқыланып, оны Саяси кеңес Бюросының отырысында бекітуді ұсынды. Партияның сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары талқыланды.

Сондай-ақ, праймериздің партияішілік сайлауы басталғаннан бері депутаттардың өздері жинаған облыс тұрғындарының аманаттары іске асыру мәселелері көтерілді. Аманаттардың 40% – ы партияның Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасына енгізіліп, фракцияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды.

https://www.facebook.com/998389413592713/posts/3474765115955118/?d=n

рисунок