Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Мұрат Мұқаев онлайн режімінде азаматтарды қабылдады

Бүгін  Nur Otan партиясы  Батыс Қазақстан облыстық  филиалының қоғамдық қабылдауында  Nur Otan партиясы  Батыс Қазақстан облыстық  филиалы  төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты  Мұрат Мұқаев  онлайн режімінде   азаматтарды  қабылдады.

Қабылдау барысында,  тұрғын үй мәселесімен хабарласқан  көпбалалы  анаға   заңға сәйкес, «көп балалы ана» санаты бойынша үй алу кезегіне тұруға  кеңес беріліп, жазған арызы  тиісті органдарға жіберілді.

Сондай ақ,  қабылдау кезінде  тұрғындар тарапынан жұмыспен қамту, аз қамтылған отбастарына  бір рет берілетін  көмек алу туралы  және  құқықтық сипаттағы  бірнеше сұрақтар келіп түсті.  М. Мұқаев  бұл сұрақтардың барлығына да   қолданыстағы заңдарға сәйкес, тиісті органдарға  жолығуға консультативтік-құқықтық кеңес берді.