Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Комиссия отырысы өтті

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кіші залында қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы М.Р.Мұқаевтің төрағалығымен комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына облыстық мәслихат депутаттары А.Агаев, И.Енютин, Т.Тлемисов, Хасанов Е.Қ. және БҚО жолаушылар көлігі және атомобиль жолдары басқармасының басшысы Б. Айтмағамбетов, БҚО мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Б. Ниетқалиева, БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  басқармасы басшысының орынбасары Б. Мусин қатысты.

Комиссия отырысында облыс аумағында жөндеуден өткізіліп жатырған жолдардың сапасы, мердігерлерді анықтау бойынша өткізілетін конкурстардағы кемшіліктер талқыланды.

Сондай-ақ, Теректі, Бәйтерек, Орал қаласындағы жоғары кернеулі электр желісінің санитарлық – қорғау аймағында орналасқан тұрғын үй-жайлар мен басқа да объектілер бойынша тиісті басқарма мен кәсіпорынға шұғыл шешім қабылдау тапсырылды.

рисунок