Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Киіктердің Орал популяциясының көші-қон мәселесін шешу бойынша жұмыс тобы шұғыл іске кіріседі – экология министрі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ҚР Экология,геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.  Ғалымдармен, экологтар мен бірге жергілікті тұрғындармен кездесіп, мәселенің шешу жолдарын талқылады.

Жәнібек, Қазталов, Бөкейорда, Жанғала аудандары халқы жайылымдарды сақтап қалу, су жеткізу бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.

Министр Мағзұм Мырзағалиев проблемаға біржақты қарауға болмайтынын  айтып, арнайы  жұмыс тобының құрылғаны туралы хабардар етті.

«Мен сіздерге Президент тапсырмасы бойынша ғалымдармен бірге арнайы  келіп отырмын.  Екі жаққа да тиімді шешімдер қабылдау үшін Экология, Ауылшаруашылығы, Білім және ғылым министрліктері мен халықаралық ұйымдар, Институттар құрамына кіретін жұмыс тобын құрып отырмыз.  Қысқа мерзімде  зерттеулерді  бітіруге тырысамыз»,- деді министр.

Мағзұм Мырзағалиев мәселенің шешімінің үш жолын атады.

«Біріншісі, жалпы ауданы 343040,1 га «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватын, сондай-ақ жалпы ауданы 314505,1 га Ащыөзек мемлекеттік табиғи қаумалын құру. Бұл бойынша барлық негіздемелер дайын. Резерват құру арқылы 78 тұрғынға  жұмыс орны да ашылады. Екіншісі, осы резервта геологтардың араласуымен су көздерін анықтап, киіктерге жасанды суат дайындау. Ол тек киікке ғана емес, халыққа да пайдалы.  Үшіншісі –  киіктердің Орал популяциясының бір бөлігін Жайықтың оң жағалауына өткізу мәселесін қарастырамыз»,- деді ведомство басшысы.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев құрылған жұмыс тобына жергілікті шаруақожалықтары өкілдері де кіретінін, барлық зерттеулер, шаралар ашық жүретінін жеткізді.

ҚР БҒМ Зоология институтының териология зертханасының меңгерушісі Алексей Грачевтің айтуынша, қазір киік санын реттеу мәселесін мүлдем қозғауға болмайды.

«Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын, мәселені егжей-тегжейлі зерделеу қажет. Мемлекет өз уақытында киіктердің санын қалпына келтіру үшін үлкен ресурстар жұмсады. Қазір ол тек қалпына келтіру сатысында, яғни, ол әлі де максимумға жеткен жоқ. Сол себепті әзірге оларды  атуға рұқсат беріп, санын  азайту туралы сөз қозғауға ерте»,- деді ғалым.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы – еліміздегі киіктер ең көп шоғырланған  өңір. 2019 жылғы  санақ бойынша  БҚО аумағында 217 мың бас киік болған. 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты санақ жүрген жоқ. 2023 жылға дейін  киіктерді ғылыми қолданыстан басқа мақсатта қолдануға заңмен тыйым салынған.

рисунок

рисунок

рисунок

 Ақпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен алынды.