Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Іс сапармен Казталов және Жәнібек аудандарында болды

Ағымдағы жылдың 4 мамыр күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нариман Төреғалиев, Ләззат Рысбекова және облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева іс сапармен Казталов және Жәнібек аудандарында болды.

Жұмыс тобының сапары Казталов ауданындағы  бірнеше құрылыс нысандарын аралаудан  басталып,  60 орындық Сарықұдық  мектебі мен Жалпақтал ауылындағы 160 орындық спорт кешенінде жалғасып, құрылыс жұмыстарымен танысты.

Сонымен қатар, биылғы жылы пайдалануға берілетін екі қабатты 12 пәтерлі тұрғын үй құрылысымен, Казталов ауылындағы 600 орындық мектеп құрылыстарының жұмысымен сондай-ақ,  күрделі жөндеуден өткен  аудан орталығындағы аудандық ауруханада болып, жай-күйімен танысты.

Одан әрі  қарай жұмыс тобы  ардагерлермен, қоғам белсенділерімен кездесіп, аудан көлеміндегі су қоймалары мен  балабақша салу және Жалпақтал ауылындағы колледж жатақханасының апаттық жағдайы туралы   өзара пікір алмасты.

Кездесу барысында, Қазақстан Республикасының әкімшілік –аумақтық құрылысы туралы Заңына өзгеріс енгізу, киіктер санын реттеу, жайылымдық жерлерді кеңейту, Қараөзен мен Сарыөзенді Ресей Федерациясынан келетін сумен толықтыру    мәселелері көтерілді. Бұл тарапта сенаторлар су мен киік мәселесінің үнемі  қадағалауда екендігін  жеткізді.

Жұмыс тобының іс сапары әрі қарай Жәнібек ауданында жалғасты.

Олар  аудан орталығында жұмысы жүріп жатқан бірнеше нысанды аралап,  «Әлем» шаруа қожалығының етті бағыттағы өндіруші асыл тұқымды бұқалар

ұрпақтарының сапасы мен бұқаларды өз өнімділігі бойынша сынауды тексеру мен  бағалайтын сынақ стансасында, дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде, құрылысы жүріп жатқан  екіқабатты  24 пәтерлі тұрғын үйде болып, құрылысымен  танысты.

Одан әрі жұмыс тобы  Жәнібек-Ресей Федерациясы  шекарасына бет алып, ондағы жағдаймен танысты. Аудан басшысы Азамат Сафималиұлының айтуынша, екі жақты шекараны болашақта халықаралық етіп жасауға үлкен мүмкіндік бар.  Сенатор  Н.Төреғалиевтің пікірінше, шекара мәселесі – аудан халқының  көптен бері көтеріп жүрген мәселесі екендігін, шекара кептелісін болдырмаудың шешімі ол – көпжақты  шекара бекетін іске қосу екендігі туралы өз ойын білдірді.

рисунок

рисунок

рисунок