Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Іс сапармен Бөкейордасы және Жаңақала аудандарында болды

Ағымдағы жылдың 5 мамыр күні  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нариман Төреғалиев, Ләззат Рысбекова және облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева   іс сапармен Бөкейордасы    және Жаңақала аудандарында болды.

Жұмысшы топтың іс сапары  Хан ордасы  ауылынан басталды. Олар  алдымен «Орда орман және  жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мекемесіне барып ішкі жұмысымен,  орман тұқымбағымен, танысты.

Кездесу барысында  мекеме басшысы А.Әлсейтов   бұл жерде 43 мың түп қарағай,  100 мың түп жыңғыл,жиде, қарағаш пен қарақат, ива талы, өрік, емен көшеттері егілсе, биылғы жылы  жоспарға сай  5000 тал қарағай  отырғызылғандығын айтып өтті. Осы бағытта сенатор Н.Төреғалиев  көгалдандыру жұмыстары бұл болашаққа салынған инвестиция екендігін айтып, бұл мәселені қолдайтындықтарын жеткізді.

Ханордасындағы  іс сапар әрі қарай,  тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей қорығында жалғасты. Сенаторлар  тарихи орындарды аралап,  музей-қорықтығын қайта қалпына келтіру, туризмді дамыту бағытындағы визит орталығын, әкімшілік ғимаратын салудың құрылысын қаржыландыру мәселесін   талқылады.   Осы орайда  сенатор Н.Төреғалиев «ҚР туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында, аталмыш жоспарды іске асыруға мүдделілігін танытты.

Сонымен қатар, жұмысшы топ  қайта жөндеуді талап ететін бірнеше ғимараттың жұмыстарымен және  өткен жылы  «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткен «Ақбота»  балабақшасында болып, бөбекжайдың  жай-күйімен танысты.

Жұмыс тобының іс сапары әрі қарай Жаңақала ауданында жалғасты.

Сапар барысында сенат депутаттары Мәштексай ауылдық округінің Жалғызқұдық қыстағы мен    Қызылоба ауылдық округіне қарасты «Хафиз» шаруа қожалығында болып, қожалықтың тыныс-тіршілігімен, жаңбырлатқыш құрылғылармен суарылатын көп жылдық екпе шөптер егу барысымен танысты. Екі жерде де шаруа қожалық басшылары өздерін толғандырған мәселелерін  ашық айтып,  қазіргі таңдағы оларды алаңдатып отырған су тапшылығы мен киіктердің шамадан тыс көбейіп кетуі  екендігін,   қуаңшылық салдарынан мал азығының қымбаттағанын тілге тиек  етті.

Шаруалардың көтеріп отырған мәселелерін  тыңдаған Н.Төреғалиев   Батыс Қазақстан облысының оңтүстік аудандарына бөлінетін қаржыға алынатын су көлемінің аздығын негізге ала отырып, қосымша қаржы бөлу үшін Үкіметке арнайы депутаттық сауал жолданғандығын, көрші елден су тарту мәселесіне қатысты құжат та мәжілістің қарауында екендігін, берілген суды тиімді пайдалану керектігін  айта келе, киік мәселесінің де бір шешімін табуы үшін  жүйелі түрде жұмыстанатындықтарын жеткізді.

 Жұмыс тобы сондай-ақ, аудан орталығындағы  «Техно сила», «Стройбаза» сауда үйлерінде, рухани орталықта болып, жергілікті зиялы қауым  өкілдерімен жүздесті.

Сенаторлар екі күндік іс сапарды қорытындылай келе, төрт аудандағы  көтерілген су, киіктерді реттеу мәселелерінің назарда тұрғандығын, сондай-ақ, барлық аудандардағы құрылыс жүріп жатқан нысандардың мердігерлеріне Үкімет тарапынан бөлінген қаражатты сапалы әлі тиімді пайдаланулары керек екендігін айтып, Қараөзен мен Сарыөзен жанындағы су бөгеттерінің жөндеу жұмыстары қадағалауда болатындығын    жеткізді.

рисунок

рисунок

рисунок