Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Іс сапарлар Теректі және Бәйтерек аудандарында жалғасты

Ағымдағы жылдың  9 шілде күні ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нариман Төреғалиев, Ляззат Рысбекова және Батыс Қазақстан облысы мәслихатының хатшысы Бибігүл Қонысбаеваның  іс сапарлары   Теректі және Бәйтерек аудандарында жалғасты. Сенаторлар алдымен  Елорада күні мерекесіне  қарсы пайдалануға берілген  Подстепный ауылындағы спорт кешенінде болып, жай-жапсарымен танысты.

Аталмыш кешенді «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в» компаниясы қаржыландырып, құрылысты «Наурыз» ЖШС жүргізген. Жобаның құны – 341 млн теңге. Тағы бір айта кетер жайт,  өткен жылы     Теректі ауданы бойынша екі street workout алаңы, бір балалар алаңы және 8 спорт алаңы пайдалануға берілген болса,  биыл да осы бағыттағы жұмыстар жалғасып, бес street workout алаңы, үш спорт алаңы және 5 балалар алаңының құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Одан кейін Сенат депутаттары «Еңбек» бағдарламасы арқылы қайтарымсыз қаржыға ие болып, бройлер балапандарын өсіріп отырған Подстепный ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Т.Молдыбаевтың  үйіне барып, шаруашылығымен танысты.

Парламент депутаттары іс сапарларын  әрі қарай    аудан орталығында жалғастырып,  Теректіде орналасқан «Қазына» коворкинг орталығына барып,   орталықтағы 528 жер телімін газдандыру жұмысына қанықты.

Сенаторлар    сапар  соңында  Достық үйіне,   Теректідегі орталық стадионға және   «Теректі» кешеніне арнайы барып, атқарылған жұмыстарға  куә болды.

Сенаторлардың  Бәйтерек ауданындағы сапары  Январцева  аулындағы  кіре беріс жолдарын жөндеудің жұмыс қарқынымен танысудан басталды.

Сондай-ақ, сол ауылдағы күрделі жөндеуді талап ететін  жалпы орта білім беретін мектептің   жағдайын көзбен көріп шықты.

Одан әрі  аудандағы ірі  шаруашылықтардың бірі «Заман» ЖШС-нің жұмысымен, сонымен қатар инвестициялық жобамен жұмыс жасап жатқан ТОО-134» ЖШС-нің кірпіш зауыты құрылысының жұмыс барысымен танысты. Осы орайда жеміс жидекті сақтайтын қоймасына қатысты  қаражат бөлу,  субсидиялау, сатып алу  мәселелері көтерілді.

Рубежин ауылында болған сапар барысында,  халық қалаулылары ауылдағы орта мектептің де күрделі жөндеуді қажет ететіндігіне көз жеткізіп,    «Рубцов» ШҚ-да болып, шаруашылықтың қазіргі таңдағы жай-күйіне қанық болды. Осы орайда жеміс -жидек, көкініс сақтайтын қоймасына қатысты  қаражат бөлу туралы мәселесі қозғалды.

Жалпы   екі аудан бойынша да  көтерілген мәселердің көбі,  қаражат бөлу,  мемлекеттік сатып алуды рәсімдеу процедурсының ұзақ уақыт алатындығы төңірегінде өрбіді.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок