Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Инновациялық және кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы

Бүгін облыстық мәслихаттың кіші залында  облыстық мәслихаттың инновациялық және кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы А.Мерғалиевтың төрағалық етуімен комиссия отырысы болып өтті. Отырысқа тұрақты комиссия мүшелері Н.Сатбаев,   Л.Турсынова,  Т.Тлемисов, облыстық мәслихат аппараты басшысының орынбасары А.Хайруллин, БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ж.Беккалиева, БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысының орынбасары Б.Хайруллин  қатысты.

Күн тәртібінде «Батыс Қазақстан кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының ағымдағы  жылдың 8 айында атқарған жұмысы туралы есебі»,  «Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау Қағидалары» шешімінің жобасын талқылау туралы мәселелер қаралды.

Отырыс барысында, БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ж.Беккалиева  8 ай ішінде атқарылған жұмыстар туралы ақпарат бере отырып, соңғы  3 жыл ішінде  жеке инвестициялық жобалардың  1,5  есеге артқанын, 2021 жылы   309 жұмыс орнын ашу мақсатында    7,9 млрд теңгеге 4 инвестициялық жоба қарастырылғанын, оның ішінде 100  жұмыс  орнын көздеген     жиhаз жасау фабрикасының  («Квант» ЖШС)  құрылысының  жобасы іске  қосылғандығын айтып өтіп, депутаттар қойған сұрақтарға жауап берді.

Депутаттар  сондай-ақ,  шағын несие беру, индексация,  жанар-жағар май бағасының қымбаттауы  туралы мәселелер көтерді.

Сонымен қатар, комиссия мүшелері күн тәртібіндегі   ұсынылып отырған «Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау Қағидалары» шешім жобасын талқылай келе, Қағидаға енгізілетін  өзгерістер мен толықтыруларды қолдайтындықтарын жеткізді.

рисунок