Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Апталық шолу

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары  осы апта ішінде   облыстық мәслихаттың  тұрақты комиссияларының отырыстарын өткізіп, әр түрлі іс-шараларға қатысты.

Апта ішіндегі  болып өткен іс шараларға шолу жасайтын болсақ,  Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кіші залында облыстық  мәслихаттың    әлеуметтік – мәдени даму және білім мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының   төрайымы А.Салиеваның төрағалығымен  комиссия отырысы болып өтті. Күн тәртібінде  тиісті басқармалар бойынша 2022-2024 жылдарға  арналған бюджет жобасы талқылап, мүмкіндігі шектеулі  азаматтарды жұмыспен қамту  және  бұқаралық спортты  дамыту үшін облыстық бюджеттен қаражат  қарастыру туралы  мәселелер қаралды.

Депуттар сондай-ақ,  облыс бюджетінен қаржыландыруды талап ететін өзге де мәселелерді қарап,   «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысында  сайлаушылардың аманатының орындалуы туралы  ойларымен бөлісті.

Сондай-ақ,  облыстық  қоғамдық Кеңестің   кеңейтілген отырысы  оздырылып, онда   2022-2024 жылдарға арналған облыс бюджетінің шешім жобасы қаралып, кеңес мүшелері тарапынан қолдау тапты.

Апта ортасында облыстық мәслихаттың депутаттары Ә.Шәмшіден  мен Ж.Жақсығалиев   Facebook  әлеуметтік желісінде тікелей  эфирге шығып, тұрғындар қойған сұрақтарға жауап берді.

Апта соңына қарай, облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қонысбаева аудандық, қалалық мәслихат хатшыларымен  ZOOM  форматында  кеңес  өткізді.

Кеңес барысында Б.Қонысбаева мәслихат хатшыларына, Чернобыль мүгедектері, Ауған соғысының Тәжік шекарасын қорғаған ардагерлерді  әлеуметтік қолдау  туралы  мәселе бойынша  құрылған  жұмыс тобының отырысында айтылған  әлеуметтік қолдау шаралары туралы  айтып өтті.

Облыстық  мәслихаттың депутаты А.Мырзахметова ТДК-42 телеарнасының «Ашық әңгіме»  бағдарламасына қатысып, депутаттық  қызметі туралы сұхбат  берді.

Облыстық  мәслихаттың    әлеуметтік – мәдени даму және білім мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының   төрайымы А.Салиева  «2020-2022 жылдарға арналған «Қазақстанда дәріге төзімді туберкулезге ден қоюдың тиімді шаралары» жаһандық қордың грант жобасын іске асыру шеңберінде » ТБ, ТБ/Ковид/ түрі саласындағы ҮЕҰ қызметінің тұрақтылығын арттыру» тақырыбындағы  адвокаттық кездесу-кеңесіне қатысып, өзекті мәселелерді талқылауда өз ойымен бөлісті.

Облыстық мәслихаттың депутаты Ш.Өтебалиева «Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың алдын алу және профилактикасы» жөнінде   тақырып бойынша өткен  БҚО әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысына қатысып, көтерілген  тақырыпқа қатысты проблемалардың  шешу жолдары туралы пікір алмасты.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок