Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Апталық шолу

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары  осы апта ішінде     әр түрлі іс-шараларға қатысып, тұрақты комиссиялардың отырыстарын өткізді.

Облыстық мәслихаттың депутаттары  М.Мұқаев, Ш.Өтебалиева «Ел алдында» қоғамдық-саяси бағдарламасындағы  тікелей эфирге қатысып,

кеңейтілген Саяси Кеңес жөнінде, Елбасы Н.Ә Назарбаевтың  «Елдіктің жеті тұғыры»  қағидаттары туралы тақырыпта ой қозғап, пікір алмасты.

Апта ортасында  облыстық мәслихаттың инновациялық даму және кәсіпкерлік мәселелері бойынша, әлеуметтік –мәдени даму және білім   мәселелері бойынша, аграрлық мәселелер және табиғат пайдалану мәселелері бойынша және қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиялардың отырыстары  болып өтті.

Барлық тұрақты комиссиялардың отырыстарының  күн тәртібінде    облыстық мәслихаттың  кезекті 8 –ші сессиясындағы    мәселелер   қаралып талқыланды.

Ең алдымен депутаттар 2022- 2024 жылдарға арналған облыстық үшжылдық бюджеттің  жобасын талқылады.

Сондай-ақ, депутаттар   бюджетті  талқылау кезінде бизнестің  жол картасы,  субсидия, коммуналдық меншік, мемлекеттік бағдарламалардың  орындалуы, ішкі туризмді дамыту, көгалдандыру, спорт сарайын салу,  жол жөндеу,  денсаулық сақтау саласына қатысты ауылдық жерлердегі дәрігерлік амбулаторияларды  жөндеуден өткізу, материалдық-техникалық жабдықтау, білім беру саласына қатысты мұғалімдердің жалақылары, мектеп құрылысы,  жасөспірімдерді спортқа тарту үшін қаражат бөлу,  ауылшарушылығына қатысты, мал азығын дайындау,  субсидия, малды сырғалау, ветеринария саласындағы өзгерістер, тұқым қоры, екпелі шөп  туралы, жол картасының орындалуы шеңберіндегі   қаржыландыруды қажет ететін нысандар,  сумен қамтамасыз ету,  жол,  оңалту орталығының құрылысы, мемлекеттік сатып алу  туралы   мәселелерді  көтерді.

Отырыс барысында депутаттар сондай-ақ,   күн тәртібіндегі    облыс аумағын дамыту бағдарламасы мен кейбір қағидаларға енгізілетін   өзгерістер туралы мәселелерді қарап, қолдау білдірді.

Сонымен  қатар, осы апта ішінде облыстық мәслихаттың депутаттары  М.Мұқаев, Ф.Бахтиозин,  С.Сүндетова  «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен «Саяси партиялар және азаматтық қоғам: аймақтық аспект» тақырыбында онлайн форматтағы бейнеконференцияға қатысып, партия жұмысын жаңғырту жөніндегі ақпараттармен бөлісті.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок