Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Апталық шолу

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары осы апта ішінде облыстың қоғамдық қабылдаулар өткізіп, әр түрлі іс-шараларға қатысып, іс сапарларға шықты.

Апта ішіндегі болып өткен іс шараларға шолу жасайтын болсақ, Облыстық мәслихаттың кіші залында облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қонысбаеваның төрағалық етуімен офлайн және ZOOM форматында үйлестіру кеңесінің отырысы болып өтіп, депутаттар 2021 жылдағы облыстық мәслихаттың кезекті 8 –ші сессиясында қаралатын мәселелермен танысты.

Б. Қонысбаева кезекті сессияның күн тәртібіне алдағы үш жылдың бюджеттен басқа, ауылшаруашылығы саласына қатысты мемлекеттік бағдарламаның орындалуы туралы есебі тыңдалатынын, кейбір қағидаларға және облыс аумағын дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізумен қатар, ұйымдастыру мәселелерінің енгізілетінін жеткізді.

Кеңес барысында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты өз ұсыныстарымен бөлісіп, пікір алысты.

Облыстық мәслихаттың депутаты Д.Галиметденова Ақжайық ауданына іс сапармен барып, Ақжол ауылдық округіндегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында электромонтерлік бөлімшенің ашылу салтанатына қатысып, жергілікті тұрғындар үшін жасалып жатқан игі істерге сәттілік тіледі.

26 қараша күні ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Н.Төреғалиев, Л.Рысбекова елге іс сапармен келді. Сенаторлар Бөрлі ауданы Ақсай қаласында БҚО облыстық мәслихат депутаттарының көшпелі отырысына қатысты.

Көшпелі отырысқа сондай-ақ, облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева, облыстық мәслихат депутаттары М.Мұқаев, Ф.Бахтиозин, Е.Хасанов, А.Агаев, Н.Серғалиев, Л.Турсынова, А.Салиева, Бөрлі ауданының әкімі М.Сатқанов және Бөрлі аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының депутаты Н.Төреғалиев ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауын іске асыру жолында істеліп жатырған жұмыстар, ауылдық округ әкімдерін сайлау туралы және ҚР Парламенті Сенатының жұмыстары туралы баяндады.

Отырыс барысында депутаттар сенаторларға Жайық өзенінің бүгінгі жағдайы, тұрғындарды медициналық сақтандыру туралы, қоғамдық тамақтандыру ұйымдастыру, ауылшаруашылығына субсидия беру, тұрғындарға ауыз су жеткізу мәселелерін көтерді.

Сондай-ақ, ҚР Парламентінің Сенат депутаты Н.Төреғалиев пен облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева аудан тұрғындарына қоғамдық қабылдау өткізді. Іс сапар барысында депутаттар Ақсай қаласы 10 шағын аудандағы тоғыз қабатты екі тұрғын үй құрылысы барысымен, арнайы киім тігетін «Самғау Компани» тігін цехының жұмысымен танысты.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок