Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Экология министрі Батыс Қазақстандағы су каналдарының жұмысын тексерді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Варфоломей су қоймасының жағдайымен танысты. Өңірдегі сушылар ведомство басшысына егістіктерге судың жетіспеушілігі мәселесі мен су қоймаларының ахуалы туралы баяндады.

Орал қаласынан 440, Қазталов ауданының орталығынан 70 шақырым қашықтықта, «Кішіөзен» өзенінде орналасқан қойма мемлекет аралық мәндегі су торабы болып есептеледі. Қойма  Кішіөзен суын Ресейдің Саратов облысы мен  Қазақстанның  Батыс Қазақстан облысына бөлуге, екі облыстың лимандарына су өзіндік ағынмен берілуі  үшін су тірегін құруға арналған. 

Ал Үлкен өзен бойынша Ресей Федерациясынан тәуелділікті азайту бойынша қазір жаңа су қоймасын салу жоспарлануда. Ол Үлкен өзенде, Қазталов ауданының Жалпақтал ауылында орналасады. Сонымен қатар, өңірдің оңтүстік  аудандарына Үлкен және Кіші өзендері бойынша тұрақты су жетіп  тұруы үшін Еділ  өзенінен 135 млн метр куб су алу мәселесі қарастырылуда. Бұл мақсат үшін республикалық  бюджетттен 3,5 млрд теңге бөлукерек.

Ресейдің Еділ өзенінен Варфоломей қоймасы арқылы облыстың Жәнібек, Қазталов, Жанғала аудандарындағы 1637 гектар тұрақты суармалы  егістікке, 44018 гектар лимандық (сағалық) суару алқабына, 324700 гектар су басқан жайылымдарға су жіберіледі. Бұдан бөлек, БҚО-ның оңтүстік аудандарындағы экологиялық  ахуалды реттеп отыру үшін Айдын, Сарыайдын, Қамбақты және Қамыш-Самаркөл айдындарын су жіберіліп отырады. Су қоймасының сыйымдылығы – 23 млн метр куб.

рисунок

Ақпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен алынды.