Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Қадірменді жерлестер!

Бүгін аза тұту күні. Отанын, елін қорғауда қаза болғандардың сарбаздардың отбасылары мен жақындарына,  лаңкестердің құрбаны  болған жергілікті тұрғындарға  қайғырып көңіл айтамыз.

Ел басына күн туған сәтте, Мемлекет басшысы   Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жасады.

Ел болашағы үшін жауапкершіліктің  ауыр жүгін арқалаған Президент-

Қазақстанды мекен еткен әрбір азаматтың,  еліміздің  басты құндылықтары – бірлік пен тұрақтылықтың, қоғам қауіпсіздігінің жалғыз кепілі!

Қадірменді  бауырлар!

Сабырлылық танытып, «бір жағадан-бас, бір жеңнен-қол» шығарып, ел тұтастығын тілейік. Президентімізге қолдау таныта отырып, сенім артуға шақырамыз.  Біз біргеміз!

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты