Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихат хатшысы Б.Т. Қонысбаева Бәйтерек ауданында кездесу өткізді.

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында облыстық мәслихат хатшысы Б.Т. Қонысбаева Бәйтерек ауданында мәслихаттың 7 депутаты мен аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өткізді. Кездесу барысында мәслихат хатшысы Б.Т.Қонысбаева Бәйтерек аудандық мәслихатының 4 шақырылымының депутаты В. А. Козинге Сенаттың алғыс хатын табыстады.

Депутаттар Р.Т. Исмагулов, Т.Д. Залмұқанов, А.В.Герасимов, У. Сейтқалиева, Б. Ахметжанова, В.Стародубец мектепті спорттық құрал-жабдықтармен қаржыландыру, ауылдық елді мекендерді дәрігерлермен қамтамасыз ету, ресурстық орталықтардың жас мамандарының жалақысын арттыру, мемлекеттік сатып алу сапасы, халықты жұмыспен қамту орталығының интернет сапасын қамтамасыз ету бойынша проблемалық сұрақтар қойды. Бұдан әрі Б.Т. Қонысбаева Бәйтерек ауданының азаматтарын қабылдап, оның барысында түсініктемелер берді.

рисунок

рисунок