Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Бүгін облыстық Қоғамдық Кеңестің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Отырысты  Кеңес төрағасы Е.Салықов жүргізді.  Кеңес жұмысына  облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева,    кеңес мүшелері, жергілікті атқарушы органдар мен  БАҚ  өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде   2020 жылға арналған  облыстық бюджеттің атқарылуының  жылдық есебін бекіту  және  жергілікті атқарушы  органдар арқылы  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына қоғамдық мониторинг  нәтижелері   туралы мәселелер  қаралды.

Кеңес мүшелеріне  2020 жылға арналған  облыстық бюджеттің  атқарылуының жылдық есебі туралы баяндама жасаған Батыс Қазақстан облыстық  қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ф.Раджапова,     2020 жылғы облыстық бюджет шығыстарының негізгі басымдықтары  – ҚР  аумағында  енгізілген төтенше жағдай және карантиндік режим кезеңінде  әлеуметтік саланы, аграрлық секторды, шағын және орта бизнесті дамытуға, көлік инфрақұрылымын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жақсартуға бағытталғанын айтып өтіп, 2020 жылдың қорытындысы бойынша   облыстық бюджеттің  негізгі көрсеткіштеріне  тоқталып өтті.

Ф. Раджапованың айтуынша, бюджеттің түсімдер бөлігі  260,5 млрд теңгеге, ал   шығыстар бөлігі  247,0 млрд теңгеге орындалған.

2019 жылмен салыстырғанда  түсімдердің  41,2 пайызға артуы байқалып (2019 ж -184,4млрд.тг), шығыстар бөлігі  37,7 пайызға ұлғайып отыр (2019ж-179,3 млрд.тг).  Жыл қорытындысы бойынша  бюджет қаражатының  бос қалдықтары  13,5 млрд теңгені құрап отыр.

Одан әрі қарай Ф. Раджапова  облыс бюджетінің негізгі бағыттарына  тоқталып, қай салаға қанша қаражат бөлінгендігін нақтылап айтып  өтті.

Кеңес мүшелері облыс бюджетінің орындалуы бойынша   аудандар арасында субвенциялар бөлу, ауылшаруашылығы,      спорт салаларына, бөлінген  қаражаттың  игерілмей қалу себептерін сұрап, болашақта  білім, денсаулық салаларына көбірек қаражат қарастыру керек деген өз ұсыныстарын жеткізді.

Күн тәртібіндегі  екінші мәселе  – жергілікті атқарушы  органдар арқылы  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына қоғамдық мониторинг  нәтижелері   туралы  ҚР Мемлекеттік қызмет істері  және Агенттігінің  БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес  төрағасы  Ғ.Тұрсынбаев  баяндап, қазіргі таңда мемлекеттік қызметтің  90 пайызы электронды   форматқа көшірілгендігін, өткен жылғымен салыстырғанда 95 пайызға  артып отырғандығын айтып өтіп, онлайн түріндегі цифрландыру  бойынша көрсеткіш  77 пайызға өсіп,  облысымыз  республика бойынша  10 –шы орында екендігіне тоқталды.

Ғ. Тұрсынбаев сондай-ақ, қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп қызмет көрсету орталығына     жүргізген мониторинг нәтижелері туралы да мағлұмат берді.

Кеңес мүшелері  өз тараптарынан  мамандандырылған қызмет көрсету орталықтарындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына  әсіресе, автоматтандырылған алаңдағы техникалық ақау,  мүгедектердің жүргізу куәліктерін алу кезінде кездесетін кедергілері   туралы пікірлерін ортаға салды.

Отырыс  соңында  Кеңес  мүшелері күн тәртібіндегі ұсынылған екі мәселені де  қолдап  қарар қабылдады.

рисунок

рисунок

рисунок