Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Бүгін облыстық мәслихаттың үлкен залында облыс активі болып өтті

Күн тәртібінде «Ағымдағы  жылдың  1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті  Қ. Тоқаев «Халық бірлігі және  жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты  Қазақстан халқына Жолдауындағы бағыттарды жүзеге асыру туралы» мәселе қаралды. Активті облыс әкімі Ғ.Есқалиев жүргізді. Актив жұмысына  мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелер басшылары, ҮЕҰ мен саяси партиялар, жастар ұйымдары, ардагерлер, қоғам белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.

Облыс әкімі Ғ.Есқалив  өз баяндамасында, Жолдауда көрсетілген бағыттар бойынша облыс деңгейіндегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат бере отырып,   Жолдаудағы әр сала бойынша жүзеге асыру туралы  нақты іске көшудің жоспарларымен бөлісті.

Облыс әкімі сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесін дамыту, білім сапасын арттыру,  бұқаралық спортты жандандыру, жол, ауыз су мәселелерінің облыс көлемінде  қалай шешіліп жатқаны туралы да мәлімет беріп өтті.

Жолдауды талқылау барысында, бизнес, әлеуметтік сала өкілдері сөз алып, адамдардың денсаулығын жақсарту,  кәсіпкерлікті қолдау, білім сапасын көтеру және  салауатты өмір салтын қалыптастыруда  Жолдаудағы негізгі  бағыттардың маңыздылығына тоқталып, өз ойларымен бөлісті.

Актив соңында  Жолдаудағы бағыттарды іске асыруға арналған қарар қабылданды.

рисунок

рисунок