Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Бүгін облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және табиғат пайдалану мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті.

Комиссия отырысына облыстық  мәслихаттың хатшысы Б.Қонысбаева, комиссия мүшелері  И.Габдуллин, И.Илимисов, Г.Нұрмұханов, Ә.Шәмшіден, облыстық ауылшаруашалығы, ветеринария, жер қатынастары басқармаларының өкілдері қатысты.

Комиссия отырысын  комиссия төрағасының орынбасары С. Жарылғапов  жүргізді. Күн тәртібінде облыстық мәслихаттың  кезекті 8 –ші сессиясындағы    мәселелер   қаралды.

БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Е.Каюпов  2022- 2024 жылдарға арналған облыстық үшжылдық бюджеттің  жобасы  туралы айтып өтіп, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің жалпы болжамды параметріне тоқталды.

Өз кезегінде облыстық  ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Д.Умашев  ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытыудың  2017-2021  жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы аясында атқарылған  жұмыстар туралы  баяндап өтті.

Бағдарламаның орындалуы барысы туралы депутаттар     ауылшарушылығына қатысты, мал азығын дайындау,  субсидия, малды сырғалау, ветеринария саласындағы өзгерістер, тұқым қоры, екпелі шөп   туралы     мәселелер көтерді.

Сондай-ақ,  депутаттар субсидиялау туралы қағидаға өзгерістер енгізу туралы  өз ұсыныстарын  жеткізді.

рисунок

рисунок