Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Бүгін облыстық мәслихатта облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева аудан мәслихаттарымен ZUM форматында семинар кеңес өткізді.

Кеңеске  аудандық мәслихат хатшылары, облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.

Күн  тәртібінде  «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасына енгізілетін өзгерістер жөнінде ұсыныстар және қабылданған НҚА –ға қатысты құқықтық   мониторинг жүргізу туралы мәселелер қаралды.

Семинарды жүргізген облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева үлгі регламент жобасына қатысты  енгізілетін  өзгерістер мен  туралы  өз ойымен бөлісті.

Семинар барысында, облыстық мәслихат аппаратының заңгері А.Фазылова үлгілік регламент жобасына қатысты берілген ұсыныстар мен құқықтық   мониторинг жүргізудің тәртібі  және талдамалық анықтама жасау туралы  түсініктеме беріп өтті.

Семинарға қатысушы  аудандық мәслихаттардың  өкілдері  күн тәртібіндегі  мәселелерге қатысты  көкейлеріндегі  сұрақтарын қойып, пікір алысты.