Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Бүгін облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары А.Алпысбаевтың төрағалық етуімен жұмысшы тобының отырысы болып өтті.

Отырысқа облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева, «Нұр Отан» партиясының БҚО филиалы жанындағы  аймақтық экологиялық Кеңестің төрағасы Д.Сариев, тиісті  басқарма және Орал қаласы әкімінің орынбасары қатысты.

Күн тәртібінде  «Жасыл екпелерді қорғау мен күтіп ұстау қағидасына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы»  үлгілік қағидаға ұсынылған жобаны талқылау   мәселесі қаралды.

Отырыста облыс әкімінің  орынбасары  «Нұр Отан» партиясының БҚО филиалы жанындағы  аймақтық экологиялық Кеңесінің төрағасы   ұсынып отырған  жоба туралы айтып өтті.

Отырысқа қатысушылар   өз пікірлерін ортаға салып, аталмыш жобаны  қарау  үшін орталық  құзырлы органдарға  жіберіп,  тиісті деңгейде жұмыстанатындықтарын жеткізді.