Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының үлкен залында облыстық мәслихаттың кезекті 6 сессиясы болып өтті

Сессия жұмысын облыстық мәслихаттың қаржы, бюджет және аймақтарды  дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы М.Мұқаев  жүргізді. Сессияға облыс әкімінің міндетін атқарушы А.Өтеғұлов, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық департаменттер мен басқарма басшылары, ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің есебі, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 қарашадағы №30-1 «Батыс Қазақстан облысы тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»,  Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі  №13-2 «Батыс Қазақстан облысындағы  көші-қон  процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», БҚО азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша берілетін амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті  шарттармен тегін медициналық көмектің көлемі туралы», Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі  №37-2 «БҚО жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы», БҚО мәслихатында «Ақжол» ҚДП депутаттық фракциясын тіркеу туралы» және БҚО мәслихат аппараты» ММ Ережесін бекіту туралы   мәселелер  қаралды.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы А.К.Өтеғұлов облыс көлемінде  ағымдағы жылдың 8 айы ішінде  атқарылған  жұмыстар туралы есеп бере отырып, аталмыш мерзім ішінде облыстың  әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне тоқталып  өтті. Есеп беру кезеңінде, облыстағы  өндіріс саласы 1,5 есе өсу деңгейі  байқалса, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 0,7% өсіп, 121 млрд. теңгені құрап отырғандығын, 2021 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға бюджеттен 16 млрд. теңге бөлініп, осы бағытта жұмыстар жалғасуда екендігіне тоқталып өтті.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнестің  1,4 пайызға өсіп,  «Бизнестің жол картасы»  мемлекеттік бағдарламасы аясында  1000-даған кәсіпорындарға  3 млрд теңге көлемінде  қолдау көрсетілді. Сондай-ақ, өңірімізде тұрғын үймен қамту  мәселесі де қарқынды даму үстінде. Жаңадан бой көтеріп жатқан «Ақжайық»  шағын ауданында  9 қабатты 15 үй мен 5 қабатты 10 үй салыну жоспарлануда. Бұл үйлер полиция мен дәрігерлерге берілетін болады. А.Өтеғұловтың  айтуынша, облыс  аумағын  газбен қамту  жылдың аяғына дейін  99,5 пайызға,  ауыз сумен қамтамасыз ету  90 пайызға жетеді.

Өз есебінде А.Өтеғұлов сондай-ақ,   денсаулық саласының бюджеті өткен жылмен салыстырғанда 24%-ға өсіп, 78,3 млрд. теңгені құрап отырғандығын, дегенмен  әлі де болса  облыс көлемінде  273 маман жетіспейтіндігін   жеткізді.

Депуттар облыс әкімінің міндетін атқарушы А.Өтеғұловтың облыстың  әлеуметтік-экономикалық  дамуы   туралы  атқарылған 8 ай ішіндегі есебін тыңдап бекітті.

Күн тәртібіндегі өзге де мәселелерді  бұған дейін  тұрақты комиссиялардың бірлескен  отырысында қарап  талқылағандықтан, депутаттар бір ауыздан бекітті.

рисунок

рисунок

рисунок