Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті.

Комиссия отырысын  облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева жүргізді.

Комиссия отырысына  облыстық мәслихаттың  4-ші сессияның төрайымы  А.Салиева, тұрақты комиссиялардың төрағалары,  мүшелері,     облыстық  басқармалар мен департаменттердің     өкілдері қатысты.

Отырыста   облыстық мәслихаттың кезекті  4-ші сессиясының күн тәртібіндегі   мәселелелер  қаралды.

2020 жылға арналған  облыстық бюджеттің  атқарылуының жылдық есебі туралы баяндама жасаған Батыс Қазақстан облыстық  қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н. Есенғалиев, 2020 жылғы облыстық бюджет шығыстарының негізгі басымдықтары  – ҚР  аумағында  енгізілген төтенше жағдай және карантиндік режим кезеңінде  әлеуметтік саланы, аграрлық секторды, шағын және орта бизнесті дамытуға, көлік инфрақұрылымын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жақсартуға бағытталғанын айтып өтіп, 2020 жылдың қорытындысы бойынша   облыстық бюджеттің  негізгі көрсеткіштеріне  тоқталып өтті.

Н. Есенғалиевтің  айтуынша, бюджеттің түсімдер бөлігі  260,5 млрд теңгеге, ал   шығыстар бөлігі  247,0 млрд теңгеге орындалған.

2019 жылмен салыстырғанда  түсімдердің  41,2 пайызға артуы байқалып (2019 ж-184.4 млрд тг), шығыстар бөлігі  37,7 пайызға ұлғайып отыр (2019ж -179,3).  Жыл қорытындысы бойынша  бюджет қаражатының  бос қалдықтары  13,5 млрд теңгені құрап отыр.

Одан әрі қарай Н. Есенғалиев  облыс бюджетінің негізгі бағыттарына  тоқталып, қай салаға қанша қаражат бөлінгендігін нақтылап айтып  өтті.

Депутаттар облыстық бюджеттің орындалуы барысын тыңдап,   жалпы бюджет қаражатын  тиімді пайдалану туралы  өз ойларын талқыға салды.

Облыстық тексеру комиссиясының  төрағасы  Ә. Қадырбеков өз баяндамасында тексеру комиссиясының бағалауы бойынша облыстық бюджеттің негізгі параметрлерінің орындалғандығын,  2020 жылы  58 обьектіні қамтыған 12 аудиторлық  шаралардың нәтижелеріне тоқталып, тексеру нәтижесінде  анықталған кемшіліктерді бойынша  жою бойынша шаралар қабылданғандығын айтып өтті.

Күн тәртібіндегі  облыс аумағын дамыту бағдарламасының өткен жылдың қорытындысы бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізгені туралы  Облыстық экономика және бюджет жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары А. Абенова  өз сөзінде,  жалпы бағдарламада  47 нысаналы индикатор қарастырылғандығын, оның ішінде 25 нысаналы индикаторға қол жеткізіліп,  6 индикатор ішінара орындалғандығы (90% аса орындалды), 9 индикаторға қол жеткізілмегендігін, ал  7 индикатор бойынша есепті дайындаған уақытта статистикалық деректер болмағандығын  тілге тиек етті.

Сондай-ақ, А. Абенова өз сөзінде, есепті кезеңде  өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 3,7%- пайызға, бюджеттік инвестициялар өсімі 1,8 есеге өскенмен, пандемияға байланысты өткен жылғы өндіріс көлемінің төмендеуіне карантиндік шаралардың әсері тигенін де айтып өтті.

Күн тәртібіндегі бұдан басқа кадрлық өзгерістерге байланысты    комиссиялардың  құрамына енгізілетін  өзгерістер де   депутаттар тарапынан қолдау тапты.

рисунок

рисунок