Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кіші залында Үйлестіру кеңесінің отырысы болып өтті

Комиссия отырысын  облыстық мәслихат хатшысы Б. Қонысбаева жүргізді.  Комиссия отырысына онлайн және офлайн түрінде облыстық мәслихаттың депутаттары, «Қызыл Ай Қоғамының бірлестігі» БҚО филиалының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 6-шы кезекті сессиясында қаралатын мәселелер туралы, мәслихаттың 2021 жылы халық алдында атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі және мәслихат депутаттарының өз округінің сайлаушыларымен, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткізу туралы мәселелер қарастырылды.

Сонымен қатар, «ҚР Қызыл Ай Қоғамы Қоғамдық бірлестігі» БҚО филиалының директоры С. Тенишева атқарылып жатырған жұмыстар туралы ақпарат беріп өтті.

Кеңес барысында депутаттар кезекті сессияның күн тәртібіне ұсынылып отырған мәселелерді талқыға салды. Сондай-ақ депутаттар су тапшылығы, мал азығына бөлінетін субсидия, жол мәселелерін көтерді.

Б. Қонысбаева қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, депутаттардың өз округінің сайлаушыларымен, жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарыменен кездесуін өткізу, халық алдында атқарған қызметі туралы есеп беру, депутаттарды оқыту туралы мәселелерді айтып өтті.

Кеңес жұмысын қорытындылаған Б.Қонысбаева кезекті сессияның күн тәртібінде ұсынылып отырған маңызды мәселелерді әрбір сала бойынша тұрақты комиссияларда талқылауға ұсынды.

рисунок

рисунок