Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кіші залында Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Отырысты Қоғамдық кеңестің төрағасы Е. Салықов жүргізді.

Комиссия отырысына БҚО Қоғамдық кеңесінің құрамы және мемлекеттік мекеме басшыларының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде БҚО қоғамдық кеңесінің 2021 жылғы 14 мамырдағы «Батыс Қазақстан облысы тұрғындарына  медициналық қызмет көрсетудің жағдайы туралы» қарарының орындалуы жөнінде, сондай-ақ денсаулық сақтау обьектілерін яғни емханаларды сенімгерлік басқаруға беру мәселесі туралы қарастырылды.

Кеңес барысында қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібіне ұсынылып отырған мәселелерге тоқталды, соның ішінде халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту, азаматтардың сауалдарына медициналық ұйымдардың сайтында және әлеуметтік желілерде нақты жауап беру, емханалардың шаруашылық-техникалық жағдайын  реттеу, денсаулық сақтау ұйымдарын жекешелендіруге беру мәселелері талқыға салынды.

Қоғамдық кеңестің мүшелері көтерілген мәселелерді сараптай келе тиісті ұсыным қабылдады.

рисунок