Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті 4-ші сессиясы болып өтті.

Сессияға облыс әкімі Ғ.Есқалиев, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық департаменттер мен басқарма басшылары, ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Депутаттар  сессия жұмысын бастамас бұрын  бір минут үнсіздікпен, облыстық мәслихаттың I,II,III,V,VI,VII шақырылымдарының депутаты, Ақжайық өңірінде  ауылшаруашылығы саласының  дамуына  ерекше үлес қосқан  Қ. Ашығалиевты еске алды.  Одан әрі облыстық сайлау комиссиясы «Ауыл» партиясынан сайланған облыстық мәслихаттың депутаты Ә. Шамшиденге  депутаттық мандат пен  төс белгі табыс етті.

Облыстық мәслихат депутаттары  кезекті  4-ші сессиясының күн тәртібіндегі «2020 жылға арналған  облыстық бюджеттің  атқарылуының жылдық есебі мен сол бойынша  облыстық Тексеру комиссиясы және Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау   басқармасының қосымша баяндамаларын тыңдап, жылдық есепті бір ауыздан бекітті.

Күн тәртібіндегі бұдан басқа кадрлық өзгерістерге байланысты комиссиялардың құрамына енгізілетін өзгерістер, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының үйлестіру кеңесінің құрамы  туралы  мәселелер  депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Сессия соңында  облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және табиғат пайдалану мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының  төрағасы М. Жәкібаев қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі болып отырған су мәселесін көтеріп,  аталмыш мәселені шешу үшін арнайы  комиссия құрып,   кешенді  іс-шараларды қамтитын  жоспар  дайындау туралы  ұсынысын жеткізді.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок