Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының инновациялық даму және кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті.

Комиссия отырысына комиссия мүшелері Л. Тұрсынова, Д.Галиметденова, А. Агаев, А.Мырзахметова, Н.Сатбаев, Н.Серғалиев және БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, БҚО мәдениет басқармаларының өкілдері Орал қаласы әкімінің орынбасары М.Мүлкәй қатысты. Отырысты  комиссия төрағасы А.Мерғалиев жүргізді.

Күн тәртібінде «Орал қаласында орналысқан XIX ғасырдың тарихи ғимараттардың жағдайы туралы» және Манғыстау, Вишневая, және Колхозшы көшелерінің жол сапасы туралы» мәселелер  қаралды.

Отырыс барысында комиссия мүшесі Н. Серғалиев   Орал қаласында орналасқан  кейбір тарихи  ғимараттардың  күтімсіз қалып жатқандығын айта келе, БҚО облыстық  мәдениет басқармасына қарасты  БҚО –ның тарихи  мәдени мұраларын  қорғау  жөніндегі  мемлекеттік инспекцияның өкілдеріне  тарихи мұраларды күтіп – ұстау бойынша  мәселе көтерді.

БҚО мәдениет басқармасы басшысының орынбасары  Г.Құланованың   баяндауынша,   жалпы  облыс бойынша  жергілікті және республикалық  тізімде  2149  тарихи  ғимараттар бар, оның ішінде Орал қаласы бойынша 130  ескерткіштер болса, оның  112 –сі  сәулет-құрылыс және архитектуралық  болып табылады.  Сондай-ақ, өз сөзінде Г.Құланова қолданыстағы  заңдар аясында, олардың барлығына мониторинг  жүргізіліп отыратындығын, тарихи мұраларды сақтау үшін оларға жүргізілетін  жөндеулер де тек өкілді органның келісімен, лицензиялық құжаттары бар  мекемелер ғана  заң талаптарына сәйкес жүргізілетіндігіне тоқталып өтті.

Комиссия мүшелері бұл мәселе  бойынша, болашақта өкілді органның тарихи  ғимараттар туралы есебін тыңдау туралы шешім қабылдады.

Күн тәртібіндегі жол сапасы мәселесі бойынша Орал қаласы әкімінің орынбасары М. Мүлкәй жалпы Орал қаласы көшелерін жөндеу мен абаттандыру бойынша атқарылатын   шаралардың барлығы  депутаттардың сайлауалды  бағдарламасындағы  аманаттарына сәйкес, бес жылға арналған жол картасына салынғандығын тілге тиек етті.

Комиссия соңында депутаттар фракция мүшелерін жинап,  депутаттар аманатын  нақтылау туралы ұсыныстарын жеткізді.

рисунок