Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының инновациялық даму және кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті

Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қонысбаева және  комиссия мүшелері Л. Тұрсынова,   А. Агаев, Н.Сатбаев, Т.Тлемисов, А.Мырзахметова  және БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау, БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму  басқармаларының  өкілдері қатысты.

Отырысты  комиссия төрағасының орынбасары  Д.Галиметденова жүргізді.

Күн тәртібінде   облыстық мәслихаттың  кезекті 8 –ші сессиясындағы мәселелер қаралды.

БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Е.Каюпов  2022- 2024 жылдарға арналған облыстық үшжылдық бюджеттің  жобасы  туралы айтып өтіп, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің болжамдарына тоқталды.

Депутаттар бюджетті талқылау барысында бизнестің  жол картасы, субсидия, коммуналдық меншік, мемлекеттік бағдарламалардың  орындалуы, ішкі туризмді дамыту, көгалдандыру, спорт сарайын салу туралы  мәселелер көтерді.

Отырыс барысында депутаттар сондай-ақ, күн тәртібіндегі облыс аумағын дамыту бағдарламасы мен кейбір қағидаларға енгізілетін өзгерістер туралы мәселелерді талқылады.

рисунок