Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

БҚО мәслихатының депутаты Әлжан Шәмшідін Жайық өзенінің ОКССЖ су өткізу трактісіне мониторинг жасау жұмыстарына қатынасты

Ағымдағы жылдың 22-ші маусымында «Ауыл» ХДПП атынан сайланған БҚО мәслихатының депутаты Шәмшідін Әлжан Смайылұлы «Nur-Otan» партиясының БҚО бойынша филиалының жанындағы қоғамдық экологиялық Кеңесінің ұсынысы бойынша жұмыс тобының құрамына еніп, сол жұмыс тобының құрамында Жайық өзенінің ОКССЖ (Орал-Көшім суару-суландыру жүйесі) су өткізу трактісіне мониторинг жасау жұмыстарына қатынасты.

Жұмыс тобы «Nur-Otan» партиясының БҚО бойынша филиалының жанындағы қоғамдық экологиялық Кеңесінің төрағасы Д.С. Сариев пен хатшысы Н.Ғ. Аткешевтен және мүшесі А. Кубеевтен, сонымен қатар БҚО табиғи ресурстар басқармасының жетекшісі М.М Ихсанғали, БҚО бойынша «ҚазСуШар» РМК маманы Ш.Ермағанбетовтен ардагер эколог Т. Машеновтен, Орал қалалық мәслихатының депутаты Ю.В Крыловтан құралды. Сондай-ақ жұмыс барысына белгілі ғалым, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ институтының директоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент М.Қ. Оңаев жұмылдырылды

Мониторинг барысында су өткізу трактісі бойындағы жағалаулардың шайылуының интенсивтілігі артқандығы байқалды. Сонымен қатар суға батқан металл объектілердің ОКССЖ су өткізу жылдамдығына тигізіп жатқан кері әсерлері де жұмыс тобының көздерінен таса қалмады. Мониторинг барысында Жайық өзеніндегі балық санының азайып бара жатқандығы да талқыланды. Бұл жағдайлардың күрделілігін ескере отырып, оны үнемі бақылауда ұстап отыру үшін жұмыс күшінің жетіспеушілігі де маңызды мәселе болып отырғандығы жөнінде сұрақтар туындады. Жұмыс барысында жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша облыс басшылығына және уәкілетті органдарға тиісті ұсыныстар мен сауалдар жолдау туралы шешімдер қабылданды.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок