Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық Кеңесінің төралқа отырысы өтті.

12 сәуір күні Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық Кеңесінің төралқа отырысы ZUM форматында болып өтті. Төралқа отырысына Қоғамдық Кеңес хатшысы А. Айтимов, Б.Қонысбаева және басқа да төралқа мүшелері, атқарушы орган басшылары және құқықтық актілерді дайындауға жауапты мамандар қатысты. Отырысты облыстық Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Е.Салықов жүргізді. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе – Батыс Қазақстан облысы бойынша такси тұрақтарын ұйымдастыру және жабдықтау туралы бойынша баяндама жасаған Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары А.Менеев облыстың қала және аудан әкімдіктері ұсынған ақпараттарды негізге ала отырып, такси тұрақтарының тізімдерін бекіту туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасын төралқа мүшелеріне талқылауға ұсынды. Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі жол қауіпсіздігін сақтау болғандықтан, төралқа мүшелері бұл мәселені алдағы уақытта бөлек қарастыру жөнінде ұсыныс берді.

Екінші -денсаулық саласы бойынша көтерілген мәселе де, қоғамдық Кеңестің төралқа мүшелері арасында қызу талқыға салынып, қазіргі таңдағы медицина қызметінің сапасы туралы ұсыныстар айтылды. Бұл мәселе алдағы уақытта да, отырыстарда жалғасын табатындығы айтылып, ұсыныстарды жинақтау тапсырылды.