Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық Кеңесінің төралқа отырысы болып өтті.

19  сәуір күні  Батыс  Қазақстан облыстық  Қоғамдық  Кеңесінің  төралқа  отырысы  Zооm  форматында   болып өтті.   Отырысты облыстық  Қоғамдық  Кеңестің   төрағасы Е.Салықов жүргізді. Күн тәртібінде –қазіргі таңда тұрғындарға көрсететілетін медициналық  қызметтің сапасы туралы мәселе қаралып, төралқа мүшелері  бұл туралы өз ойлары мен ұсыныстарын талқыға салды.

Қазіргі таңдағы медицина қызметінің сапасының сын көтермейтіндігі, кадр тапшылығы, әсіресе  орта буынды медицина қызметкерлерінің жетіспейтіндігі туралы айтылды.

Отырыс соңында, кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстарды жинақтап, ай соңында өтетін  жалпы отырыста  кеңінен талқылау ұсынылды.

рисунок