Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

Бүгін  Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы  қазіргі таңдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, қатысушылар санын шектей отырып, жартылай  онлайн режімінде  болып өтті.

Комиссия отырысына облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Манкеев, облыстық мәслихаттың  кезектен тыс 5-ші сессияның төрайымы Л.Тұрсынова, тұрақты комиссиялардың төрағалары,  мүшелері, облыстық  басқармалар мен департаменттердің өкілдері қатысты.

Комиссия отырысын облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева жүргізді.

Бірескен отырыста   облыстық мәслихаттың кезектен тыс  5-ші сессиясының күн тәртібіндегі   мәселелер  қаралды.

2021 жылға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасы   туралы баяндама жасаған Батыс Қазақстан облыстық  экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының  басшысы Т. Каюпов  облыстық бюджетті нақтылау   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарының негізінде жүзеге асырылып отырғандығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферттер мен кредиттер 30,1 млрд. теңге жалпы сомаға бөлінгендігін (РБ – 2,8 млрд. теңге, ҰҚ – 27,3 млрд. теңге), соның ішінде: ағымдағы трансферттер мен кредиттер – 15,9 млрд. теңге және даму трансферттері – 14,2 млрд. теңге бөлінгендігіне тоқталып өтті. Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен 17,9 млрд. теңге сомасында  басым шығыстарға бағыттау ұсынылды.

Отырыс барысында,  бюджетті нақтылауды  депутаттар қызу талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салды. Депутаттар Ф. Бахтиозин  бөлінген қаражаттың жыл аяғына дейін игерілуі мен  соңғы кезде орын алып отырған төтенше жағдайға байланысты арнайы жабдықтар сатып алу, Л.Тұрсынова «Жасыл бульбар» құрылысы,  Қ.Ирменов  тері аурулары диспансерінің  ғимараты туралы, Д. Галиметденова инфрақұрылымдарды жетілдіру бағытындағы, Серғалиев  ауылдық жерлердегі  дәрігерлік амбулаториялық пункттерінің ашылуы туралы   өз  сұрақтарын қойды.

Депутаттар   сондай-ақ, балалардың  қауіпсіздігі, жол картасы, денсаулық сақтау,  спорт, жол құрылысы,  жолаушылар көлігі, су мен жайылым тапшылығы туралы мәселелерді көтерді.

Сондай-ақ, депутаттар күн тәртібіндегі «Орал қаласындағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстау және дегельминтизация жасау, бірдейлендіру, биозарарсыздандыру, екпе жасау қызметі» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» облыстық мәслихат шешімінің  жобасы қаралды .

рисунок

рисунок